Болашақ мамандықты таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Ал бұл таңдау саналы және дұрыс болуы үшін, кәсіби бағдар беру жұмыстарын бастау керек, тіпті бастауыш және орта сыныптардан бастап! Ағымдағы жылдың 4–7 қарашасы аралығында Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 4–7 сынып оқушылары, олардың ата-аналары және мектептегі кәсіби бағдар берушілер үшін кәсіби бағдарлау тақырыбында онлайн-семинарлар сериясы өткізілді.Семинарлардың мақсаты: жетекші облыстық мектептерге қабылдау шарттарымен таныстыру, оның ішінде: «Озат» Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Білім-Инновация-дарынды балаларға арналған лицей-интернат, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Ата-аналарды кәсіби бағдарлауға тарту – табыстың негізгі факторы болып табылады. Бұл ата-аналарға бірнеше маңызды жайттарды түсінуге көмектеседі: Баланың әлеуеті: Балаңыздың қандай мектеп пәндеріне және іс-әрекет салаларына табиғи бейімділігі мен қабілеті бар екенін анықтау; Оқу ыңғайлылығы: Қай мектепте немесе оқу орнында балаңыз шынайы түрде ыңғайлы, қуанышты және қызығушылықпен оқи алады; Дамыту жоспары: Қандай қабілеттерді әрі қарай дамыту қажет және болашақта табысқа жету үшін оны қалай дұрыс жасау керектігі.
Унгутбаева А.С., Джумабаева И.Т. Есеркепова Е., Жұмат Нұрсұлтан, Исмагулова М.К., Кудабаева Д.Т., Мүсілім Ерасыл, Шалгимбаев Д.А., Капашев М., Сансызбаев Ж. спикерлерге онлайн-семинарлардағы белсенді және мазмұнды жұмысы үшін алғыс айтамыз!
Ерте кәсіби бағдарлау – бұл мектеп, бала және ата-ананың бірге жұмыс істеп, табысты оқу жолын құруы!






