Дәрігер болғың келе ме? Онда өз жолыңды қазірден баста!

2025 жылғы 6 қазаннан бастап Қостанай облысы білім басқармасының Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы медициналық білім алуды армандайтын түлектерге арналған онлайн-консультациялар сериясын іске қосты!

Онлайн-кездесулеріміз еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының өкілдерінің қатысуымен өтуде:

«Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ,

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ,

«Астана медицина университеті» КЕАҚ.

ЖОО өкілдері келесі мәселелерге ерекше назар аударады:

-барлық талапкерлер үшін тең мүмкіндіктердің болуы;

-жоғары мотивациясы мен білім деңгейі бар үміткерлерді анықтауды көздейтін қабылдау және іріктеу саясаты;

-қабылдау рәсімінің егжей-тегжейлі тәртібі;

-болашақ студенттер мен олардың ата-аналарының үміттері мен қажеттіліктерін зерделеу;

-әлеуметтік пакет, жатақханамен қамтамасыз ету және т.б.

Табысты медициналық мансап құру мүмкіндігін жіберіп алма!

Previous Кәсіптік бағдар іс жүзінде!

Leave Your Comment

Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75

Время работы

Жұмыс күндері 9.00-18.00 дейін