Ағымдағы жылдың 9 қазанында Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы Qostanai Hub-пен бірлесіп “Заманауи мұғалімнің цифрлық құзыреттілігі табысты педагогикалық қызметтің негізі ретінде” тақырыбында облыстық шеберлік сыныбын өткізді. Іс — шара педагогтарды білім беру процесінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға, электрондық ресурстарды құрудан және онлайн-өзара іс-қимылды ұйымдастырудан бастап деректерді талдауға дейін оқытуға бағытталған.
Шебер-сыныптың басты мақсаты қазіргі білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін қажетті цифрлық дағдыларды дамыту есебінен оқыту сапасын арттыру болды.
Шебер-сыныпқа облыстың түкпір-түкпірінен 70-тен астам педагог қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыптары: оқытуда технологияларды қолдану, цифрлық контентті әзірлеу және цифрлық құзыреттерді кешенді дамыту болды. Цифрлық құралдарды күнделікті педагогикалық қызметке біріктірудің практикалық аспектілеріне, сондай-ақ оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ететін білім беру ресурстарын құруға ерекше назар аударылды.





