Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 110000, Қостанай қ., Гоголь көшесі 75, анықтама үшін телефондар 8(7142) 21-16-41, электрондық мекенжайы: kense@mcioko.edu.kz
блок “В1-5», әдіскер, уақытша бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 163 520 теңгеден 182634 теңгеге дейін. (1 бірлік)
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 29 сәуірінен 08 мамырға дейін
Конкурстық құжаттаманың көшірмелерін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша және тізбеге сәйкес сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде ұсынуға болады.
Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде әдіскердің уақытша бос лауазымының мерзімі қазіргі уақыттан 2027 жылғы 12 сәуірге дейін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ БӨЛІМІНІҢ
ӘДІСКЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарының информатика пәні бойынша педагогтарды және қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлерін әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру.
Облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарында информатика пәні бойынша педагогтердің оң тәжірибесі мен технологиялары бойынша ақпаратты тарату, жинақтау және зерделеу.
Облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарының информатика пәні бойынша педагогтарға және аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің әдіскерлеріне әдістемелік сүйемелдеудің әдістемелік семинарларын, ғылыми-әдістемелік конференцияларын, педагогикалық оқуларды, облыстық деңгейдегі кәсіби педагогикалық шеберлік конкурстарын және басқа да нысандарын ұйымдастыру және өткізу.
Білім беру мазмұнын жаңартудың проблемалық мәселелері бойынша информатика педагогтеріне консультациялық және практикалық көмек көрсету.
Нәтижелі тәжірибені жүйелеу, қорытындылау, мониторинг жүргізу, педагогикалық қызметкерлердің материалдарын сараптау.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсіміне қатысу.
Информатика пәні бойынша әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдердің проблемалық және шығармашылық топтарының қызметін әдістемелік қолдауды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету.
Информатика пәні бойынша педагогтарға көмек ретінде әдістемелік материалдар әзірлейді және оларға аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің қызметкерлері арқылы жеткізеді.